Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда карантин шаралары 4 қыркүйектен бастап жеңілдейтін болды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда 28 тамыздан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдетіледі. Алайда бұл шешім Алматы қаласына қатысты емес деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндеі ведомствоаралық комиссияның шешімімен Алматы қаласында бір аптадан кейін карантин жеңілдейді.

ВАК-тың мұндай шешім қабылдауына қаладағы эпидемиологиялық жағдай себеп болған.

Сонымен, Алматыда демалыс күндеріндегі карантиндік шаралар 4 қыркүйектен бастап , ал жұмыс күндеріндегі карантин 6 қыркүйектен бастап жеңілдетіледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 6040 адамнан коронавирус анықталды. Соның 1590-ы Алматы қаласында тіркелген болатын.

Ал жалпы ел бойынша ауру жұқтырғандар саны 754 891-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928789-almatyda-karantin-saralary-4-qyrkuiekten-bastap-zenildeitin-boldy/

pixel