Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Еліміздің қанша өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

27 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

Ал Түркістан облысы "жасыл" аймақта орналасқан.

Айта кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 6452 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың дені Алматы қаласынан.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 767 701-ге жетіп отыр. Сонымен қатар, өткен тәулікте 8285 адам дерттен жазылып шыққан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қазіргі эпидемиологиялық ахуал туралы сөз қозғап, алматылықтарға үндеу жолдаған болатын.

"Әр штамм пайда болған сайын күрделеніп барады. Қазір, міне, дельтаны көріп отырмыз. Өте қиын жағдайға алып келді. Оны науқастардың санынан-ақ көруге болады. Біздің клиникаларға күн сайын 700-750 науқас түседі. Тұрғындарды вакцина алуға үндеп жатырмыз. Вакцинацияның өзіне қарсы қанша әңгіме айтылды. Вакцина керек дегенге сенбейміз, керек емес дегенге көбірек сенеміз. Вакцинасыз шешім жоқ, осыны жақсы түсіну керек", – деген болатын әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929164-covid-19-elimizdin-qansa-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel