Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Жамбыл облысындағы жарылыстың алғашқы сәті бейнелеген видео тарады

Опубликовано:

Жарылыс
Видеодан кадр: instagram.com/aibat__kz

Желіде Жамбыл облысында жарылыстың алғашқы сәті бейнелеген видео тарады. Бұл сәт әскери бөлімшеге жақын орналасқан дәмхананың бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі AIBAT жаңалықтар қызметінің парақшасында жарияланды.

Кадрдан жойқын жарылыстың екпіні дәмхана қонақтарын ұшырып жібергенін байқауға болады.

Сондай-ақ, камераға кафенің жабық қақпасынан өтпек болған әскери форма киген адамдар түсіп қалған.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды.

Соңғы мәліметтер бойынша апат салдарынан көз жұмғандар саны 15 адамға жетіп отыр.

Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Одан бөлек, 29 тамыз елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Сонымен қатар, президент төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929675-zambyl-oblysyndagy-zarylys-totense-zagdai-kezinde-damxana-isinde-tusirilgen-video-zariyalandy/

pixel