Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тағы бір элиталық қонақ үй карантинге қарамастан кеш ұйымдастрған

Опубликовано:

1
Скриншот: instagram.com/stories/damiani_kazakhstan

Алматыдағы Ritz Carlton қонақ үйінде қалада енгізілген карантин шараларына қарамастан жаппай іс-шара өткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қонақ үйде Damiani зергерлік үйінің кеші өткен. Шараға Қазақстанның танымал тұлғалары мен компанияның Италиядан келген басшылары қатысқан.

Көңілді кештен фото мен видео брендтің Instagram парақшасындағы stories-де жарияланған.

Видеоға қарағанда меймандар ұзын үстелге қаз-қатар жайғасқан, алайда олардың ешқайсысы әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған. Суретке түскен және залда сөйлескен уақытта да маска тақпаған.

2
Скриншот: instagram.com/stories/damiani_kazakhstan

Бұл шараға қатысты қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары пікір білдірді.

Ол Бостандық ауданының мониторингтік тобы әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар бойынша карантиндік шектеу талаптарын бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Rixos Almaty қонақ үйінің алдында еврей қауымдастығының өкілдері жиналған видео тараған болатын.

Бұл жайтқа қатысты тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде шараны ұйымдастырушы Орталық синагога басшысы 30 АЕК айыппұл салынған еді.

Кейінірек Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Rixos қонақ үйіне айыппұл салынбағаны үшін қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинді сынға алды.

Артынша Rixos қонақ үйінің менеджеріне еврей қауымдастығы ұйымдастырған іс-шараны өткізгені үшін 30 АЕК айыппұл салынды.

Көп ұзамай қонақ үйдің бас директоры да 670 мың теңге айыппұл арқалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932439-almatyda-tagy-bir-elitalyq-qonaq-ui-karantinge-qaramastan-kes-uiymdastrgan/

pixel