jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Мемлекеттік рәміз не болып кеткен?": Желіні шулатқан тұрғынға тиісті мекеме жауап берді (видео)

көк ту11
Видеодан кадр/: Ақжайық

Әлеуметтік желіде көк тудың әлдебір нәрсеге жамылғы ретінде қолданылғаны туралы бейнежазба пайда болды. Бейнеролик авторы "мемлекеттік рәміз не болып кеткен?" деп наразылығын білдірген. Желіде тараған видеоға қатысты Атырау облысы Мақат ауданының әкімдігі жауап берді деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Әкімдіктің мәліметінше, бейнероликтегі түсірілім Мақат кенті әкімдігінің ауласында жазылған. Бұл видео авторы жариялағандай, мемлекеттік ту емес, билборд екен.

"Қатты желдің әсерінен жыртылып, жұлынып қалған билбордты әкімдік ауласына әкеп қойған болатын. Қателеспеулеріңізді сұраймын. Мемлекеттік қызметте ҚР Мемлекеттік рәміздеріне аса мән беріліп, олардың теріс пайдалануына жол берілмейді", - дейді аудан әкімдігі.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарға және заңды тұлғаларға байрақты қорлауға және мазақ етуге тыйым салынады.

  • Мемлекеттік туды үйде адамға немесе затқа құрмет ретінде төмен түсіруге, теріс қаратып қоюға болмайды.
  • Ту жерге, еденге, суға тиіп тұрмауы тиіс. Рәмізді кірлетуге, былғауға, жыртуға және оған жазу жазуға және сурет салуға тыйым салынады.
  • Мемлекеттік туды майлық және басқа да бірреттік қолданыстағы заттарға, киім-кешекке, төсек-орынға бейнелеуге болмайды.
  • Тудың сабы көлденеңінен көтерілмейді.
  • Үйде ілінетін ту және оның бейнесі шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіреберістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуы керек.

Одан бөлек, мемлекеттік туды заңсыз дайындағаны үшін де әкімшілік айыппұл қарастырылған.

"Мемлекеттік рәміз не болып кеткен?": Желіні шулатқан тұрғынға тиісті мекеме жауап берді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.