Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туды балконға ілуге рұқсат етілді: Ел азаматтарына қандай жағдайда айыппұл салынады

Опубликовано:

Қазақстан туы
Фото: zakon.kz

Жуырда үкімет мемлекеттік туды үйлердің қасбеті мен балконға ілуге рұқсат берді. Десе де қазақстандықтар үшін міндетті талаптар мен шектеулер бар. Оны сақтамағандар әкімшілік жауапқа тартылады деп жазады Sputnik Қазақстан.

Басылымның жазуынша, қазақстандықтар өз пәтерінің балконына ұлттық стандартқа сай тігілген (оның көлеміне қарамастан) туды ғана іле алады.

Ұлттық стандартқа сай келмеу дегеніміз – тудағы нысанды, мөлшерді және техникалық талаптарды бұзу. Мемлекеттік ту ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағдайда, ол ауыстырылады немесе жойылады.

Ел азаматтарына және заңды тұлғаларға байрақты қорлауға және мазақ етуге тыйым салынады.

Туды бір қабатты және көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулет ерекшеліктеріне қарамастан пайдалануға рұқсат берілді.

Тұрғындарға ғимаратқа ілінген туға қараңғыда жарық түсіріп тұру міндетті емес. Бұл талап заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдарға ғана қатысты.

Бұдан бөлек, мемлекеттік туды үйде адамға немесе затқа құрмет ретінде төмен түсіруге, теріс қаратып қоюға болмайды.

  • Ту жерге, еденге, суға тиіп тұрмауы тиіс. Рәмізді кірлетуге, былғауға, жыртуға және оған жазу жазуға және сурет салуға тыйым салынады.
  • Мемлекеттік туды майлық және басқа да бірреттік қолданыстағы заттарға, киім-кешекке, төсек-орынға бейнелеуге болмайды.
  • Тудың сабы көлденеңінен көтерілмейді.
  • Үйде ілінетін ту және оның бейнесі шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіреберістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуы керек.

Қазақстанның мемлекеттік туын кез келген адам тіге алмайды. Байрақты рұқсаты, яғни лицензиясы бар кәсіпорындар ғана дайындай алады. Сол себепті туды осы компаниялармен келісімшартқа отырған дүкендерден сатып алған жөн. Әйтпесе мемлекеттік туды заңсыз дайындағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексте ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік туды заңсыз дайындағаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған.

Жеке тұлғаларға – 25 АЕК (69 450 теңге), лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50 АЕК (138 900 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 75 АЕК (208 350 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК (555 600 теңге)", - деп нақтылады мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін қайта қарау туралы ұсыныс жасаған болатын. Президент заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажеттігін айтқан еді.

Осындан кейін премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің 2007 жылғы 2 қазандағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжатқа қол қойды. Оған сәйкес, енді қазақстандықтарға мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат берілді.

Кейінірек, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова туды пайдалану ережелерін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889240-tudy-balkonga-iluge-rksat-etildi-el-azamattaryna-kandaj-zagdajda-ajyppl-salynady/

pixel