Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада балабақшадан қашып шыққан екі бала күн суықта жеңіл киіммен көшеде жүрген

Опубликовано:

Балалар
Видеодан кадр: instagram.com/police.kz

Әлеуметтік желіде қар жауған Нұр-Сұлтан көшелерінде 3-4 жастағы балалардың жеңіл киіммен жүрген видеосы пайда болды. Бейнежазба авторының сөзінше, балалар тұрғын-үй кешенінде орналасқан балабақшадан қашып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Екі баланың қызметтік есіктен шығып кеткені хабарланды. Бүлдіршіндерді көріп қалған ер адамдар оларды есігі ашық тұрған балабақшаға кіргізген. Сондай-ақ тұрғындар тәрбиешіге балақайлардың шлагбаумға жетіп қалғанын айтқан.

Осы ретте, балабақша болған жайтқа қатысты түсініктеме беруден бас тартып, кейінірек ақпарат жариялауға уәде етті. Дегенмен мекеме оқиғаның болғанын теріске шығармады.

Одан бөлек, елорданың білім басқармасы балабақшаның жекенің меншігінде екенін хабарлады.

"Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы жеке мектепке дейінгі "Монтессори" балабақшасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырыс қабылдамайтынын, коммерциялық негізде жұмыс істейтінін хабарлайды", - деді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935663-elordada-balabaqsadan-qasyp-syqqan-eki-bala-kun-suyqta-zenil-kiimmen-kosede-zurgen/

pixel