jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Нұр-Сұлтанда екі бала күн суықта жеңіл киіммен көшеде жүрген: Тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Балалар
Видеодан кадр: instagram.com/police.kz

Елордадағы жеке балабақшадан екі баланың жазғы киіммен далаға шығып кеткені туралы хабарлаған едік. Көптің қызу талқысына түскен оқиғадан кейін тәрбиеші жұмыстан шығарылған деп хабарлайды Almaty.tv.

Балабақша құрылтайшысы Сәбина Бақытжанқызының айтуынша, осы топқа жауапты тәрбиеші кінәсін мойындап, жұмыстан шығарылған. Жалпы, электр желілерінде болған ақауға байланысты қауіпсіздік жүйелері істен шыққан көрінеді. Сол сәтте балалар қосалқы есіктен таңертеңгі қабылдау кезінде сыртқа шығып кетсе керек.  

"Біз үшін қауіпсіздік – ең маңыздысы. Балабақшамыздан шығып кеткен балалардың дін аман болғаны бізді де, ата-аналарды да қуантты. Әрине, кінәмізді мойындаймыз. Адами фактор, қателіктер болып тұрады. Жауапкершілігімізді сезінеміз. Мемлекеттік органдар алдында жазамызды алдық. Біз тұрғындар айтқандай, балаларды жол бойында ойнатпаймыз. Өзіміздің жабдықталған, қоршалған ойын алаңқайымыз бар", – деді Сәбина Бақытжанқызы.

Қоғамда қызу талқыланған оқиғаға қатысты осы балабақшаға сәбилерін апаратын ата-аналар да өз пікірін білдірді.   

"Балабақшада болған жағдай күтпеген жерден болды. Бізге ұжымы ұнайды. Балалар шығып кеткен қосалқы есікті біздің өтінішіміз бойынша ашып тұрады. Себебі айналып, арт жағынан келуге жол жоқ. Қайта әкімдік осы мәселені шешуі керек емес пе? Ал балаларды тауып алған адамдар алдымен видеоға түсіруді емес, олардың денсаулығын ойлауы керек еді", – дейді ата-ана Әлима Айкешова.

Нұр-Сұлтанда екі бала күн суықта жеңіл киіммен көшеде жүрген: Тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.