Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Лейланың жағдайы нашарлап барады": Төрт жасар қызы ракпен ауыратын ана жанұшыра көмек сұрады

Опубликовано:

Лейла Бақтыбек
Лейла Бақтыбек: Instagram

Ақ қан ауруын жеңіп, сүйек кемігін үш рет ауыстырып, әлемдегі ең қиын отаны үш рет басынан өткерген төрт жасар Лейла Бақтыбектің жағдайы қайтадан нашарлап кетті. Талай химиялық терапияға шыдап, енді елге қайтуға дайындалып жатқан Лейла мен анасы Түркия ауруханасында ем алуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Естеріңізде болса, жеті айлығында "лейкоз" диагнозы қойылып, бүгінге дейін сүйек кемігін үш рет ауыстырған Лейла Бақытбек туралы хабарлаған едік.

Лейланың анасы Гүлдана Отарова аурудың беті қайтқанын айтып, емхана алдындағы қарызды өтеу үшін 13 миллион теңгенің жетпей отырғанын мәлімдеген еді.

Алайда, қауіпті дерт кішкентай Лейланы әлі де толық уысынан шығарған жоқ. Түркиялық дәрігерлер Лейлаға әкесінің сүйек кемігін ауыстырып салған. Бүгінде Лейланың ағзасындағы ауру жасушалар мен әкесінен келген сау жасушалар арасында үлкен "шайқас" болып жатыр. Бұл түрік дәрігерлерін де алаңдатып отыр.

"Бүгінде Лейланың ағзасында рак жасушалары сау жасушаларға шабуыл жасап, күресуде. Міне, осыны дәрігерлер РТПХ деп атайды. Бір қуантатыны - дәрігерлер Лейланы емделеді деп отыр. Соған шүкірлік етемін. Бірақ бұған дейінгі қарызымды түгел жаппаған соң, емхана дәрігерлері ақшамен келуімізді талап етіп отыр.

Осы уақытқа дейін қызым үшін щырылдап келемін, тағы да шырылдап көмек сұраймын. Ана жүрегіммен жалынып сұраймын, көмектесіңіздерші. Қызым 4 жасында талай сынақтан өтті, енді тағы бір қиындықтан өту үшін сіздердің көмектеріңіз керек", - дейді Лейланың анасы Гүлдана Отарова.

4 жасар Лейлаға көмек көрсетем деушілер үшін реквизит төмендегідей:

Kaspi gold: +7 702 295 7500, Гүлдана Отарова

Халық банк: 4405 6397 5145 7522

Sberbank ҚР: 4263 4333 3072 4680

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937340-leilanyn-zagdaiy-nasarlap-barady-tort-zasar-qyzy-rakpen-auyratyn-ana-zanusyra-komek-surady/

pixel