Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сақина тәріздес бұлт қазақстандықтардың үрейін ұшырды (видео)

Опубликовано:

Бұлт
Видеодан кадр: instagram.com/osoznanie_i_probuzhdenie_2021

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде пішіні сақина тәріздес қара түтіннің видеосын таратуда. Желідегілердің сөзінше, ол Нұр-Сұлтандағы 5G сигналын тарататын бағанның үстінде пайда болған графен бұлт. Stopfake.kz сайты бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады.

Анықталғандай видео Ақмола облысының Қосшы қаласында түсірілген. Түтіннің графенге де, 5G-ға да қатысы жоқ. Оның қалай пайда болғанын қала әкімдігі түсіндіріп берді.

"Бұл бұлт пештегі көмірдің күрт тұтануы және құбыр арқылы шыққан түтіннің нәтижесінде пайда болған. Түтін табиғи құбылыс емес және қала тұрғындарына зиян келтірмейді", - деп хабарлады ведомстводан.

Stopfake.kz мәліметінше, "графен бұлттар" түсірілген видео бұған дейін де әлеуметтік желілерде тараған. Айғақ ретінде портал авторлары 2008 жылы түсірілген видеоны көрсетті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда 5G желісін сынақтан өткізу басталғанын жазған едік.

Айта кетейік, Қазақстанда 5G желісінің стандарты енгізілетіні 2019 жылы, үкімет отырысынан кейін белгілі болған еді. Бірнеше айдан кейін Бағдат Мусин бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, бұл желі 3G мен 4G-ді алмастырмайтынын айтқан болатын.

Ағымдағы жылдың ақпанында үкімет басшысы Асқар Мамин 5G желісі бес жыл ішінде барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларды қамтитынын хабарлады.

Сол арада, желіде "Қазақстанда 5G толқыны аспандағы бұлттардың құрылымын өзгертеді" деген ақпарат тарап, көпшіліктің талқысына түскен болатын. Алайда "толқын пішіндес бұлттар 5G әсерінен туындайды" деген ақпарат шындыққа жанаспайтыны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937812-saqina-tarizdes-bult-qazaqstandyqtardyn-ureiin-usyrdy-video/

pixel