Азиза Тоқашова "Алматы аруы" атанды (фото)
Жарияланған күні:
Азиза Тоқашова оңтүстік астананың ең сұлу аруы болып танылды. Жаңа "Алматы аруы" алдағы уақытта "Қазақстан аруы" байқауында өз қаласының намысын қорғайтын болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Азизаның жеңісі туралы "Қазақстан аруы" байқауының ресми парақшасында хабарланды.
Бұған дейін Тоқашова Филиппинде өткен Miss Intercontinental халықаралық сұлулық байқауының қатысушысы болған.
Азиза "Miss Intercontinental Kazakhstan-2018", "Miss Posh" және "Winner Miss Union-2019" атақтарын иеленген.
Бойжеткеннің экономикалық білімі бар. Бүгінде ол балет, теннис, йога, әдебиетпен шұғылданады. Сонымен қатар, алматылық ару атпен жүргенді ұнатады. Ол білікті хореограф.
"Мен кішкентай қалада туып өстім. Әркез үлкен жетістіктерге жетуді армандадым. Кішкентай кезімнен бастап мен классикалық балет мектебінде оқыдым. Өмірімнің бұл кезеңі маған ауыр еңбектің мағынасын түсіндірді. Отбасым менің барлық бастамаларыма қолдау білдіреді", - деп өзін сипаттады Азиза.
Айта кетерлігі, биыл "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының өңірлік турлары онлайн-форматта өтуде. Еліміздің әр өңіріндегі үміткер аруларды ұлттық қазылар алқасы таңдайды. Олар өтінімдерді қарап, әр қатысушы қызбен онлайн түрде тілдеседі.
Қазылар алқасы құрамына биыл актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мадина Сәдуақасова, "Қазақстан аруы-2013" Айдай Исаева мен KFW негізін қалаушы дизайнер, стилист AlexChzhen кірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Түркістан аруы-2021" байқауында кім жеңіске жеткені белгілі болды. 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова "Қазақстан аруы" байқауында өз өңірінің намысын қорғайтын болады.
Сонымен қатар, қазылар алқасы "Атырау аруын" да анықтады. Өңірлік байқауда Әйгерім Сүйінова есімді бойжеткен жеңіске жеткен.
Ал "Қостанай аруы" болып 21 жастағы Малика Каримова танылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937992-aziza-toqasova-almaty-aruy-atandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.