Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Қытайда үш жасар балаларға ковидке қарсы вакцина салу басталады

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: вирилис

Қытайдың бес провинциясында 3 және 11 жастағы балаларды вакциналау басталады. Бұл туралы АР агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, бес аймақтың әкімшілігі мен қала басшылығы осы жастағы балалар вакциналауға міндеттелетінін ескертіп жатыр.

Ресми ақпарат бойынша, Қытайда халықтың 76 пайызы екпе алған. Десе де, ел билігі коронавирусқа деген нөлдік төзімділікті ұстанатындықтан, вакциналауды белсенді жүргізуде.

Қытай билігі балаларды үш жастан бастап вакциналауды жаз айларында көтерген болатын. Алайда, әзірге 12 жастан асқан балаларға ғана екпе салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1939246-baq-qytaida-us-zasar-balalarga-kovidke-qarsy-vakcina-salu-bastalady/

pixel