Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан COVID-19 жаңа штамына байланысты Мысырмен әуе қатынасын уақытша тоқтатады

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов коронавирустың жаңа "омикрон" штамын елге әкелуге жол бермес үшін ведомствоаралық комиссия қабылдаған шараларды атады. Оның қатарында Африкадан келген азаматтардың елге кіруін шектеу және 3 желтоқсаннан бастап Мысырмен әуе хабарламасын тоқтату шаралары бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мысырдан келетін жолаушылар легі мен Бельгияда Мысырдан келген азаматтан "омикрон" штамының анықталуына байланысты Мысырмен әуе хабарламасын уақытша тоқтату қажет", - деді Шоранов.

Сонымен қатар, ол Боствана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуі шектелетінін және "омикрон" нұсқасы анықталған елдерден (Израиль, Чехия, Нидерланд, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада, Египет) келетін азаматтар үшін вакцинасы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-тесті тексерілетінін айтты.

Жаңа шектеулер 3 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944585-qazaqstan-covid-19-zana-stamyna-bailanysty-mysyrmen-aue-qatynasyn-uaqytsa-toqtatady/

pixel