Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев зейнетақы жинағындағы бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін ұзартуды тапсырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында жазды.

"Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету. Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім – негізінен осы бағыттағы дұрыс қадам.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдап, үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды", - деп жазды Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946202-toqaev-zeinetaqy-zinagyndagy-buryngy-sekti-mezeni-koteru-merzimin-uzartudy-tapsyrdy/

pixel