Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құландық жастар тұрмысы төмен отбасыға асарлатып үй салып берді

Опубликовано:

асар
Фото: Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысында орналасқан Құлан ауылында асарлатып салынған үйдің кілті салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Салтанатты шарада сөз алған Тұрар Рысқұлов ауданының басшысы Ерболат Садырқұлов асарлатып үй салу осыдан біршама уақыт бұрын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынғанын жеткізді.

Жоба аясында ауданда өткен жылы 16 үйдің 14-і салынып, 2 дайын үй сатып алынып, мұқтаж отбасыларға беріліп, қоныс тойы тойланғаны белгілі болды.

Оның сөзінше, биыл тағы да 14 үй тапсыру жоспарланып, жыл басынан бері асарлатып салынған үйдің кілттері рет-ретімен табысталып келе жатыр.

Сонымен қатар, Ерболат Садырқұлов баспанаға ие болған үй иесінің қуанышына ортақтасып, қос мерекемен құттықтады.

"Тұрар Рысқұлов ауданы “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің бастамасымен қолға алынған бұл жобаға біреулер қаржылай, енді бірі заттай, ал келесісі қол күшімен жәрдем берді. Қажетті құрылыс материалдары ауылдық округтің әкімшілігі, округтегі жеке кәсіпкерлер, жастардың демеушілігімен алынған. Осылайша, ауылдастар өздерінің ынтымақ-бірлігін көрсетуде. Ата дәстүрімізді жаңғыртып, бірігіп, көмек қолын созған азаматтарға аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы алғысын білдірді" делінген әкімдік хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947399-qulandyq-zastar-turmysy-tomen-otbasyga-asarlatyp-ui-salyp-berdi/

pixel