Нұр-Сұлтандағы түнгі клубтың біріне "мина" қойылды
Опубликовано:

19 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне елордадағы түнгі клубтың біріне мина қойылғаны туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, хабарлама құқық қорғау саласының мамандарына сағат 18.36-да түскен.
Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары көрсетілген мекен-жайға тез арада барды.
Олар мекеменің барлық қызметкерін эвакуациялап, тексеру жүргізді.
"Ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген полиция хабарламасында.
Осы орайда департамент жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947465-nur-sultandagy-tungi-klubtyn-birine-mina-qoiyldy/