Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қысқы каникулда оқушылардың неше күн демалатыны белгілі болды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрлігі қысқы каникулда оқушылар неше күн демалатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қысқы каникул кезінде оқушылар 2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында 11 күн демалады.

Бірінші сынып оқушылары үшін 2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында қосымша 7 күн каникул беріледі", - делінген министрліктің Facebook желісіндегі хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ел тұрғындарының желтоқсан мен қаңтар айында қанша күн демалатынынын жазған болатынбыз.

Жалпы алғанда, желтоқсан айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн, ал алты күн жұмыс істейтіндер 7 күн демалатын болады.

Ал 2022 жылдың 1-2 қаңтары сенбі-жексенбіге түсіп тұрғандықтан, сәйкесінше демалыс күндері 3-4 қаңтарға ауыстырылады.

5-6 қаңтар күндері қайтадан жұмыс күні, ал 7 қаңтарда ел тұрғындары Рождество мерекесін атап өтеді. Сол себепті, жұма 7 қаңтар демалыс болады.

8-9 қаңтар сенбі-жексенбі, 10 қаңтарда жаңа жұмыс аптасы басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947528-qysqy-kanikulda-oqusylardyn-nese-kun-demalatyny-belgili-boldy/

pixel