Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәурен Абаев мемлекеттік марапаттардың "құнсыздануы" туралы сөз қозғады

Опубликовано:

Дәурен Абаев
Кадр: Facebook / Александр Трухачёв

Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мемлекеттік марапаттардың "құнсыздануы" туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Әуелі айтатыным, марапаттардың бәрінің дәреже-деңгейі болады. Мұны марапат девальвацияланып бара жатыр деген уәжге қатысты айтып отырмын. Санаулы ғана адамдарға берілетін ордендер мен медальдер бар. Ондай марапат жыл сайын беріліп жатқан да жоқ. Мерейтой медальдерінің жөні басқа. Ондай марапат еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі саладағы, түрлі өңірдегі бірталай қайраткерге бұйырады", - деді ол "Ашық диалог" сұхбатында.

Оның пайымынша, мемлекет берген марапаттардың құны қатардағы кәсіби мамандардың еңбегі тұрғанда ешқашан түспейді.

"Өзіңіз жай ғана елестетіп көріңіз. 30 жыл еңбек өтілі бар, азамат деген атқа лайық жүздеген адамды тәрбиелеген мұғалімге «медаліңіз құнсызданып кетті, бағасы қалған жоқ» дегенді түсіндіріп көріңіз. Осындай жүздеген мұғалімді марапаттадық. Дәл осы уәжді өмір бойы кәсіпорындарда немесе ауыл шаруашылығында еңбек еткен «Еңбек даңқы» орденінің 126 кавалеріне айтып көріңіз. Немесе 133 Еңбек ардагеріне, пандемиямен әлі күресіп жатқан жүздеген дәрігерге айтып көріңіз. Бұл марапаттар – олардың өлшеусіз еңбегі мен қызметіне қоғам мен мемлекеттің көрсеткен құрметі", -деді президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947924-dauren-abaev-memlekettik-marapattardyn-qunsyzdanuy-turaly-soz-qozgady/

pixel