Наразылық білдірушілер Алматы әуежайын басып алды

Опубликовано:

Әуежай
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Расталмаған мәліметтерге сәйкес, наразылық білдірушілер Алматы әуежайын басып алған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видеолар тарап кетті.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, наразылық білдірушілердің әрекетінен кейін әскерилер әуежайдан кетіп қалған. Желіде тараған видеолардан әуежай тұрағындағы көліктердің өртеніп жатқанын көруге болады.

Айта кетейік, бүгін Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеме жасап, әуежайдың штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаған еді. Әуежайда қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949948-narazylyq-bildirusiler-almaty-auezaiyn-basyp-aldy/