Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сақалын алу сияқты жаңа әдіске көшкен": Тоқаев елде жасырынған содырлар іздестіріліп жатқанын айтты

Опубликовано:

Алматы дүрбелең
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ кеңесі сессиясының отырысында Қазақстанда жасырынған содырларды іздеу операциясы жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сырт киімдерін ауыстыру, сақалын алу сияқты жаңа әдіске көшкен және басқа да қулықтар жасау арқылы жасырынып жүрген содырларды анықтау операциялары жалғасып жатыр. Алда ауқымды да қауырт жұмыстар бар.
Тіпті бұған құқық қорғау органдары мен армия ардагерлері де тартылуда. Бүкіл мемлекеттік органдар еліміздің толықтай қалыпты өмірге оралуы үшін қарқынды жұмыс істеп жатыр.
Ертең мен Парламентке Үкіметтің жаңа құрамына қатысты ұсыныс енгізіп, әлеуметтік-экономикалық саладағы өзекті мәселелерді шешу жөнінде нақты міндеттер жүктеймін. Жуырда лаңкестікке қарсы ауқымды іс-қимылдар сәтті аяқталады, сондай-ақ ҰҚШҰ күштерінің де тиімді миссиясы тәмамдалады", - деді президент.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы барысында Қазақстан билігі бейбіт демонстранттарға қарсы қарулы күш ешқашан қолданбағанын және қолданбайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950316-saqalyn-alyp-tastaidy-toqaev-elde-zasyryngan-lankester-izdestirilip-zatqanyn-aitty/

pixel