Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда болған жаппай тәртіпсіздіктердің видеосы жарияланды

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: instagram.com/police_almobl

Талдықорғанда болған жаппай тәртіпсіздіктер мен бүліктің видеосы пайда болды. Оқиға орнында түсірілген кадрларды Алматы облысының полиция департаменті Instagram парақшасында жариялады.

"Құрметті Алматы облысының тұрғындары, жерлестер! Облыс аумағында орын алған тәртіпсіздік, дүние-мүлікті тонау және қирату фактілері болғанын жақсы білесіздер. Радикалды күштер жағдайды тұрақсыздандыруға тырысты. Дүкендер тоналды, әкімшілік ғимараттар бүлінді.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша борышын атқару кезінде полицейлер мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері қаза тапты. Облыстық полиция департаменті мен қалалық полиция басқармасының қызметкерлерінің көбісі әртүрлі дене жарақатын алды. Олардың барлығы өз өмірін қатерге тігіп, анттарына адал екендерін дәлелдеді", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев.

Видеода Талдықорған орталық алаңындағы жаппай тәртіпсіздіктер көрсетілген. Бір топ адам облыстық әкімдікте қырғын салып, құқық қорғаушыларға шабуыл жасаған. Жарақат алған полицейлердің бірін әріптестері жедел жәрдемге көтеріп апарған.

Сонымен бірге, бейнежазабада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша күштік құрылымдардың атқарып жатқан жұмысы көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950815-taldyqorganda-bolgan-zappai-tartipsizdikterdin-videosy-zariyalandy/

pixel