Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Семейдегі есірткі зертханасын жойды

Опубликовано:

Фото
Фото: ҰҚҚ ресми сайты

Семейде есірткі зертханасы анықталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері зертхана ұйымдастырған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

2022 жылғы 15 қаңтарда Семейде Ұлттық қауіпсіздік комитеті жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы "А" деген азаматты ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 5 келі "а-PVP" психотроптық заты, 50 келі синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлар және зертханалық жабдық алынған.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы полициясы қызылордалықтан синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын тәркілегенін жазған едік.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол синтетикалық заттарды интернет арқылы көтерме саудамен сатып алып, Алматы қаласы мен Алматы облысында бөлшек саудада өткізген. Күдікті есірткі заттарын сатқаны үшін электронды аударымдар арқылы сыйақы алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951401-uqk-semeidegi-esirtki-zertxanasyn-zoidy/

pixel