Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

8-і жансақтау бөлімінде: Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру штабының отырысында жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендердің қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сұлтанғазиеваның сөзінше, бүгінде қаланың денсаулық сақтау нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде.

Оның дерегінше, тәртіпсіздік басталғалы стационарларға медициналық көмек алу үшін 1259 адам жүгінген. Бүгінде стационарларда 110 пациент ем қабылдауда, 8 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

"Жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың жағдайы тұрақты. Өткен аптада басқа денсаулық сақтау мекемелеріне 3 пациент ауыстырылды, олардың екеуі - бала. Бір бала №2 балалар ауруханасынан Педиатрия институтына ауыстырылды. Ота қайта жасалды, баланың жағдайы тұрақты, жансақтау бөлімінде жатыр.

Екінші бала Алматы қаласының жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасынан "Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына" ауыстырылды", - дейді Светлана Сұлтанғазиева.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда жаппай тәртіпсіздіктен кейін екі бала - 4 жастағы қыз бен 11 жастағы баланың көз жұмғаны хабарланған еді. Кейінірек полиция оқиғаның мән-жайын баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951473-8-i-zansaqtau-boliminde-almatydagy-zappai-tartipsizdik-kezinde-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel