Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұғалімдер "Қазақстан халқы" қорына ақша аударуға міндетті ме: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

Оқу ордасы
Көрнекі фото: pxhere.com

Білім және ғылым министрлігі мұғалімдердің "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударуға міндетті емес екенін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы министрліктің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қайырлы күн! Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр. Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, білім және ғылым министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары хабардар. Дегенмен, мұндай мәселе туындап жатса, маған жаза аласыздар", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қоры құрылған болатын.

Кейінірек аталған қорды бұрынғы қаржы министрі Болат Жәмішевтің басқаратыны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951500-mugalimder-qazaqstan-xalqy-qoryna-aqsa-audaruga-mindetti-me-ministrlik-zauap-berdi/

pixel