Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы елдімекен карантинге жабылды

Опубликовано:

Карантин
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды облысы Шет ауданындағы бір шаруа қожалығының сиырлары жаппай аусылға шалдыққан. Осыған байланысты ветеринарлар ауру ошағы анықталған елдімекенді карантинге жапты, деп хабарлайды КТК арнасы.  

Телеарнаның мәліметінше, желіні ісіп, аузы-мұрнынан көбік аққан ірі қарадан сынамалар өткен айда алынған. Зертхана қорытындысы олардың аусылға шалдыққаннын растаған соң, Талдыбұлақ елдімекені карантинге жабылған.

Бұл жерден ет-сүт өнімдерін шығаруға да тыйым салынған. Қазір осы өңірдегі барлық ауылда аусылдың бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ветеринарлар әзірге ауырып тұрған 25 сиырдың өртеу жолымен көзі жойлатынын айтып отыр. Қалған аша тұяқтылар бақылауға алынған. Ауру белгілері байқалса бірден көзі жойылады.

"Ірі қара басын қансыз – өртеп жоямыз. Содан кейін мал иесіне республикалық бюджет есебінен нарық бағасымен Шет ауданы әкімдігінің бекіткен комиссия мүшелерімен өтемақысы төленеді. Іргелес орналасан елдімекендерде ауру тіркелмеген жағдайда 21 күннен кейін карантин алынады", - дейді Қарағанды облысы ветеринария басқармасының басшысы Қайырбек Тұрсынбеков.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951605-blok-beket-qoiyldy-qaragandy-oblysynyn-set-audanynda-karantin-zariyalandy/

pixel