Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтардың шағымынан кейін "Яндекс" таксилеріне қатысты тексеру жүргізіледі

Опубликовано:

Такси
Көрнекі сурет: pixabay.com

Үкімет отырысында алдағы уақытта Қазақстандағы "Яндекс" таксилеріне қатысты тексеру жүргізілетіні хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин сенім телефонына қазақстандықтардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен жанар-жағармай бағасының негізсіз қымбаттағанына қатысты шағымдар түсіп жатқанын айтты.

Осы мәселелер бойынша агенттік Қазақстанда ондаған тергеу жұмыстарын бастады. Сонымен бірге, қазақстандықтар "Яндекс" таксилеріне де шағымданған.

"Сенім телефоны арқылы түскен арыз-шағымдар аясында агенттік "Яндекс" такси агрегаторына экономикалық қызметті үйлестіру дерегі бойынша тексеру жүргізуді тапсырды", - деп мәлімдеді Жұманғарин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951678-qazaqstandyqtardyn-sagymynan-keiin-yandeks-taksilerine-qatysty-tekseru-zurgiziledi/

pixel