"64-і жарамайды": Полиция Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген көліктерді көрсетті
Опубликовано:

Алматы қаласының полиция департаменті жаппай тәртіпсіздік кезінде өртенген және бүлінген автокөліктер тұрған тұрақты көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, қаладағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 165 қызметтік көлік бүлінген. Оның 53-і өртенген.
Жалпы бүлінген көліктердің 64-ін қалпына келтіру мүмкін емес, дейді құзырлы орган.
Сонымен қатар, қалалық полиция департаменті жаппай тәртіпсіздік пен қарулы шабуылдардан келген шығынның алдын ала қорытындысын жарияланды. Олардың дерегінше:
- 5 фронт-офис өртенген;
- Алмалы аудандық полиция басқармасы мен полиция департаментінің ғимараты бүлінген;
- 19 модульдік және 13 экологиялық бекеттер бүлінген және өртенген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елдегі жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 600-ден астам адам қамаудан босатылғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951743-64-i-zaramaidy-policiya-almatydagy-zappai-tartipsizdik-kezinde-bulingen-kolikterdi-korsetti-video/