Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шыдамым таусылды": Павлодарлық әйел ұлының үстінен полицияға шағым түсірді

Опубликовано:

Келіншек
Көрнекі фото: pexels.com

Павлодарлық әйел ұлының үстінен полицияға шағым түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда 20 қаңтар күні “102” нөміріне Желтоқсан көшесіндегі үйдің тұрғынынан шақырту түскен.

Көз жасына ерік берген әйел 33 жастағы ұлының үстінен шағымданады.

Сөзінше, баласы оған балағат сөздер айтып, заттар лақтырған.

Жанжал ер адамның жұмыс іздегісі келмейтінін айтқаннан кейін басталғаны белгілі болды.

"Бұл бірінші рет емес, бірақ менің шыдамым таусылды, – деді әйел.

Тәртіп сақшылары ер адамның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы бойынша хаттама толтырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Өз кезегінде ер адам анасынан кешірім сұрап, жаңа өмір бастауға уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952411-sydamym-tausyldy-pavlodarlyq-aiel-ulynyn-ustinen-policiyaga-sagym-tusirdi/

pixel