Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда танысы мен оның 7 және 5 жасар қыздарын пышақтаған қылмыскер сотталды

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында анасы мен екі қызын асқан қатігездікпен өлтірген қылмыскер сотталды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Сот үш адамды өлтірді деген күдікке ілінген 36 жастағы азаматты кінәлі деп тапты. Аймақтың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 36 жастағы азаматқа ең ауыр жаза тағайындады.

Сотталушы екі және одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша, өмірінің соңына дейін темір торға қамалатын болды. Ал, айыпталушы өзіне тағылған кінәні мойындамаған.

"Сот барысында прокурор судьядан оған ең қатаң жаза беруін сұрады. Істі 10 алқа биі мен 1 судья қарап, бірауыздан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады",- деді Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, қанды оқиға өткен жылы Ақсу қаласында болған. Ер адам түнгі уақытта танысының үйіне келіп, шу шығарған. 

Артынша жанжал туып, ол әйелді бірнеше жерінен пышақтаған. Анасына араша болған 7 және 5 жастағы қыздар да пышаққа ілінген.

Ө. Қуанар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952446-pavlodarda-tanysyn-zane-onyn-7-zane-5-zasar-qyzdaryn-pysaqtagan-qylmysker-sottaldy/

pixel