Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы пирамидасын құрды деп күдіктелген танымал вайнерлердің ісіне қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Мейіржан Төребаев
Мейіржан Төребаев. Фото: instagram.com/meirzhach_tv

Алматы полициясы қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты іс бойынша ақпарат берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың сөзінше, қылмыстық іс "ASTEX.KZ" ЖШС мен "ACD Technology" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қаржы пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша бір топ азаматтың шағымы негізінде тіркелген.

"Анықталғандай, 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейін аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажет болуы мүмкін қаражатты тарту бойынша бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқан.

Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әрбір салымшыға салған сомасының 20 пайызын төлеп отыруға тиіс болған. "ASTEX.KZ" ЖШС-не 162 салымшыдан 2 млрд теңгеден астам қаражат басқа компания – "Mudarabah Capital" ЖШС арқылы түскен", - делінген полицияның хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін отандық танымал блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. Алматының тергеу соты оларға кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Сонымен қатар, вайнер Азизжан Саидбаевқа қатысты да сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау жөнінде шағым келіп түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955512-qarzy-piramidasyn-qurdy-dep-kudikke-ilingen-tanymal-vainerlerdin-isine-qatysty-zana-derek-syqty/

pixel