Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды

Опубликовано:

Камаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, сыртқы істер министрлігі және үшінші елдердің мемлекеттік органдарының көмегімен Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды. Сонымен қатар, тағы 7 жүк көлігі Польша шекарасында орналасқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

"4 наурыздағы жағдай бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, сыртқы істер министрлігі және үшінші елдердің мемлекеттік органдарының көмегімен Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды. Тағы 7 жүк көлігі Польша шекарасында орналасқан. 26 жүк көлігі Украинаның орталық және шығыс аймақтарында қалып отыр. Ол жүргізушілерге де қолдау көрсетіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық жүк тасымалында туындаған мәселелер бойынша жедел кеңес өткен болатын.

Қазақстандық жүк көліктерін Украинадан шығару үшін олардың тізімі жасалып, сыртқы істер министрлігіне берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959326-ukrainadan-23-qazaqstandyq-zuk-koligi-sygaryldy/

pixel