Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Украинаға қандай гуманитарлық көмек көрсетеді

Опубликовано:

Киев
Украина астанасы Киев. Фото: pixabay.com

Қазақстан үкіметі ресми Telegam-каналында Украинаға нақты қандай көмек көрсетілетінін айтты.

Үкімет гуманитарлық қызмет – Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының маңызды бағыты екенін атап өтті.

"Еліміз түрлі себептерге байланысты күрделі гуманитарлық жағдайға тап болған мемлекеттердің халқына әрқашан мүмкіндігінше көмек көрсетуге ұмтылады. Басқа мемлекет ресми өтініш білдірген жағдайда Қазақстан дәстүрлі түрде гуманитарлық көмек көрсетеді. Украина тарапынан осындай өтініш түскеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді", - делінген үкімет хабарламасында.

Президент тапсырмасынан кейін үкімет жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украинаға жалпы құны 2 251 445 АҚШ доллары болатын 25 түрлі медициналық дәрі-дәрмек жіберу туралы шешім қабылдаған.

"Гуманитарлық көмектің салмағы – 82 тонна. Қазіргі уақытта аталған жүкті межелі жерге жеткізу мәселесі пысықталуда. Жүкті Украина аумағына тікелей жеткізу мәселесі қауіпсіздік тұрғысынан өте қиын болып тұр. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі Украинаға жіберілген халықаралық гуманитарлық көмекті алу және бөлу хабтары орналасқан көршілес мемлекеттермен келіссөз жүргізіп жатыр", - деп қосты ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1959943-qazaqstan-ukrainaga-qandai-gumanitarlyq-komek-korsetedi/

pixel