Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура елдің ірі базарларын тексеру жұмыстарын бастады

Опубликовано:

Женщина стоит на рынке
Иллюстративное фото: NUR.KZ.Петр Карандашов

Премьер-министрдің орынбасары, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов билік азық-түлік бағасының өсуін тежеу үшін не істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бақыт Сұлтанов баға белгілеу мәселесінде әрдайым сауда үстемесі бар екенін хабарлады. Дәл қазіргі уақытта сауда үстемесін 15% -дан асырмау ережесі бар.

Оның айтуынша, бұл жергілікті әкімдіктердің құзыретінде.

"Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр", -деді шенеунік.

Сонымен қатар, Бас прокуратурамен бірге бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін ірі көтерме сауда базарларын тексеру жұмыстары жүргізілуде.

"Бұл да инфляцияны тежеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына кіреді, жұмыс жүргізілуде", -деп түсіндірді Сұлтанов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі елде азық-түлік тапшылығы жоқ екенін және қант қоры үш айға жететінін мәлімдеген болатын.

Дегенмен, Қазақстан дүкендерінде дүрлікпе пайда болып, азаматтар сөрелерден қантты жаппай ала бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960826-bas-prokuratura-eldin-iri-bazarlaryn-tekseru-zumystaryn-bastady/

pixel