jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Еліміздің бас мүфтиі ораза қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

Наурызбай қажы Тағанұлы
Наурызбай қажы Тағанұлы. Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте оразаға орай кәсіпкерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды muftyat.kz.

Бас мүфти кәсіпкерлерді қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырған.

"Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Кім де кім бауырының қажетінөтесе, Алла оның қажетінде болады. Кім де кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді" деген. Рамазан – Раббымыздың мейірім-махаббатына бөленетін ай. Ендеше, берекелі айдың берекетінен құр қалмайық!", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске сала кетсек, биыл ораза 30 күнге созылады.

  • 2 мамыр – Ораза айт күні.
  • 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

Сонымен қатар биылғы пітір садақа мөлшері – 500 теңге болып бекітілді.

Одан бөлек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республика аймақтарына арналған Рамазан айындағы ораза мен намаз кестесін жариялаған еді.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан оразаға қатысты маңызды сауалдарға жауап берген болатын.

Еліміздің бас мүфтиі ораза қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.