Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде көшеде "винтовкамен" жүрген ер адам тұрғындарды шошытты

Опубликовано:

Винтовка
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

29 наурызда Семей қаласының полиция бөліміне 342-орамдағы сауда үйінің маңында "винтовка" ұстаған жігіттің қыдырып жүргені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары жас жігітті ұстаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, тәртіп сақшылары қолына "оптикалы көздеуішті винтовка" алып жүрген 17 жастағы қала тұрғынын тоқтатқан.

Әңгіме барысында жасөспірім ойыншық қаруды өзі ұсталған ауданнан сатып алғанын айтқан. Ал ақшаны оған туған күніне ата-анасы берген екен.

Ювеналды полиция тобының қызметкерлері заңды өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізді. Ойыншық винтовка туған күн иесіне қайтарылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Өскеменде достар арасындағы отырыстың соңы кісі өлімімен аяқталғанын жазған едік.

Қайғылы жағдай наурыз айының басында болған.

Өскемен қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, әкесіне көмек керек екенін айтқан. Тексеру барысында ер адамның 61 жастағы досымен бірге алкогольді сусын ішкені анықталды.

Көп ұзамай олардың арасында жанжал туындап, құрдастар бір-біріне пышақ жарақатын салған. Салдарынан ер адамның досы оқиға орнында қаза тапқан.

Полиция қызметкерлері кісі өлтірді деген күдікпен Өскемен қаласының 58 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963134-semeide-kosede-vintovkamen-zurgen-er-adam-turgyndardy-sosytty/

pixel