Қателесіп ақшам намазының азанынан бұрын ауыз ашып қойса ораза бұзыла ма
Жарияланған күні:
Бір дауысты естіп оны ақшам намазының азаны деп ойлап ауыз ашып қойса, содан кейін азан шақырылса, оның үкімі қалай? Ораза бұзыла ма? Бұл сауалдарға ҚМДБ-ның fatua.kz сайты жауап берді.
"Оразаның уақыты белгілі. Алайда уақыты кірмей ішіп-жеп қойып, артыннан уақыт кірмегенін білсе ары қарай ештеңе жеместен (оразаны-ред.) жалғастырады", - дейді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасынан.
Осы орайда ҚМДБ имам әл-Бұхариден жеткен хадисті мысал етті.
Әбу Бәкрдың қызы Әсмә (ол екеуіне Алла разы болсын) былай дейді:
"Біз Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тірі кезінде Рамазан айында бұлтты күні ауыз ашқан едік, содан соң күн шықты. Әбу Усама мен Һишамға айттым: Сол күннің қазасын өтеуге бұйырылды ма дегенімде, иә, ол күннің қазасын ұстап беруі міндетті, деді", - дейді ол.
Айта кетейік, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ.
- 2 мамыр – Ораза айт күні.
- 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.
Биылғы пітір садақаның мөлшері – 500 теңге.
Ал қалалар бойынша Рамазан айындағы ораза мен намаз кестесін сілтеме арқылы өтіп, көре аласыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963197-qatelesip-aqsam-namazynyn-azanynan-buryn-auyz-asyp-qoisa-oraza-buzyla-ma/