jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Пітір садақаны міндетті түрде мешітке беру керек пе: Дін маманы жауап берді

теңге жапырқа
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Пітір садақаны мешітке беру міндетті ме? Бұл сауалға Алматы орталық мешітінің ұстазы Руслан Қайыргелді жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дін маманың сөзінше, пітір садақаны мешітке беру міндетті емес.

"Екіншіден, мұқтаж жандар көмек сұрауға көбіне мешіттерге баратынын жақсы білесіздер.

Алматы орталық мешітінің өзінде 1600-ден астам отбасы тіркеліп, әрдайым көмек алып отырады. Мегаполисте 52 мешіт болса, оның әрқайсында осындай мұқтаж отбасылар тіркелген. Оларға көмек көрсету қалалық мешіттерге берілген қаражаттан жүзеге асырылады.

Пітір садақаны мешітке беруге кеңес береміз, бірақ бұл міндетті емес", - дейді Руслан Қайыргелді.

Сонымен қатар Алматы Орталық мешітінің ұстазы пітір садақаны қазір бидаймен ешкім алмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, пітірді ораза кезінде қаражатпен, ұнмен беруге болады.

"Бұдан бөлек ramazan2022.kz сайтында арнайы "Пітір садақа беру" деген батырма бар. Осы арқылы пітір садақа бере аласыздар", - дейді Руслан Қайыргелді.

Айта кетейік, биыл ораза 30 күнге созылады.

  • 2 мамыр – Ораза айт күні.
  • 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

Ал биылғы пітір садақа мөлшері – адам басына 500 теңге.

Пітір садақаны міндетті түрде мешітке беру керек пе: Дін маманы жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.