Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тауында қар көшкіні болып, екі адам іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Тау
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы тауларының "Молодежный" шыңында қар көшкіні жүрді. Қазір қар астында қалған екі адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство ақпарынша, қар көшкіні туралы ақпарат диспетчер пультіне сәрсенбі күні шамамен 13.28-де түскен.

Алдын ала болжам бойынша, қар астында екі адам қалған. Қазір құтқарушылар оларды іздестіріп жатыр. Оқиға орнында 26 адам, 6 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп жұмыс істеуде.

Сондай-ақ ТЖД құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескерткенін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964852-almaty-tauynda-qar-koskini-bolyp-eki-adam-izdestirilip-zatyr/

pixel