Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Мейіржан Төребаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды

Опубликовано:

Вайнер
Видеодан кадр: Instagram/meirzhach_tv

Отандық вайнер Мейіржан Төребаевқа қатысты 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды. Мұндай шешімді бүгін Алматы қалалық сотының судьясы шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Прокурор 10 тәулікке қамауға алу түріндегі қабылданған бұлтартпау шарасының күшін жойып, мерзімді екі айға созу бұлтартпау шарасын санкциялауды сұрады.

Сол уақытта Төребаевтың адвокаты бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды талап етті. Оны блогердің әйелі қолдады. Ол күйеуінің ешкімнен тығылмайтынын атап өтті.

Мейіржан Төребаевтың өзі салымшы ретінде қомақты қаржысын салғанын және оны әлі толық ала алмағанын жеткізді.

Нәтижесінде судья ауданаралық тергеу сотының қаулысын өзгеріссіз, ал прокурор мен адвокаттың жеке шағымдарын қанағаттандырмау туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, бұған дейін Мейіржан Төребаев пен тағы үш адам "қаржы пирамидасын құрды" деп айыпталып, қамауға алынған болатын.

Кейінірек олардың 10 тәулікке тұтқындалғаны белгілі болды.

Алматы қалалық соты танымал блогер мен вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың неге әдеттегідей тергеу мерзіміне берілетін екі айға емес, 10 тәулікке қамауға алынғанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966817-sot-meiirzan-torebaevqa-qatysty-bultartpau-sarasyn-ozgerissiz-qaldyrdy/

pixel