Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елжан Біртановтің ісі қайтадан сотқа түсті

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Елжан Біртанов онлайн сот отырысы кезінде. Кадр: NUR.KZ

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен экс-вице-министр Олжас Әбішевтің ісі қайтадан елорда сотына түсті. Алдын ала тыңдалым 11 мамырда өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Е. А. Біртанов, О. А. Әбішевке қатысты қылмыстық іс Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының өндірісіне қабылданды. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдалым 2022 жылғы 11 мамыр, сағат 10:00-ге белгіленген", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі.

Тыңдалым әдеттегідей онлайн-режимде өтеді деп жоспарланған.

Еске сала кетсек, бұған дейін сот Бас прокуратураға Біртановтің қылмыстық ісін бұзушылықтарды жою үшін қайтарып берген болатын.

Алайда Бас прокуратура сот шешімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген еді. Дегенмен сот шағымды қанағаттандырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968150-elzan-birtanovtin-isi-qaitadan-sotqa-tusti/

pixel