Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп түлектеріне қатысты ережеге өзгеріс енгізілді

Опубликовано:

алтын белгі
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Петр Карандашов

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойылды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ережеге сәйкес, "Алтын белгі" төсбелгісін алу талаптары айтарлықтай күшейтілген.

Аймағамбетов талаптарды күшейту туралы шешім мұғалімдердің 2021 жылғы тамыз кеңесінде қабылданғанын еске салды.

"Осылайша, келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша "үздік" деген баға алған оқушылар "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткер бола алады.

Сондай-ақ талапкерлер НЗМ базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. Бұл шара академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын түсіну маңызды. Бұл ретте НЗМ-де емтихан тапсыратындарға да, жалпы білім беретін мектеп базасында тапсыратындарға да тапсырмалар бірдей болады", - дейді министр.

Былтыр "Алтын белгі" алғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткен еді. Асхат Аймағамбетов олардың кейбірінде ҰБТ нәтижесі төмен болғанын жазды.

"Кейбіреулері ҰБТ нәтижесі бойынша төмен балл алды. Осыған байланысты үміткерлерді үздік белгісіне объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өтеді.

Биыл мектеп бітірушілер емтиханды өз мектебінде тапсырады. Сондай-ақ белгіден бас тарту туралы өтініштер жарамсыз. Талаптарға сай келетін үміткерлер белгіленген тәртіпте қорытынды аттестациядан өтеді", - деп жазды ведомство басшысы.

Нормалар келесі жылдан бастап күшіне енеді, биыл ҰБТ қорытындысы бойынша бұл белгіні берудің объективтілігі бағаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968710-mektep-tulekterine-qatysty-erezege-ozgeris-engizildi/

pixel