Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аңыз адам": Бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев белді шетел басылымының назарына ілікті

Опубликовано:

Сәбит Шонтақбаевтың балақайды құтқару сәті
Скриншот: әлеуметтік желілерден алынды

Ұлыбританияның белді басылымы Daily Mail елордада сегізінші қабаттан құлауға шақ қалған бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевтың ерлігі туралы ауқымды материал жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Материал авторы Уилл Стюарт Сәбиттің бүлдіршінді қалай құтқарғанын бүге-шүгесіне дейін баяндап берген.

"Төрт баланың әкесі Сәбит бүлдіршін құлап кететінін түсініп, бірден оны құтқаруға бет алды... Ресми дереккөздің айтуынша, қыз бала жастық пен жұмсақ ойыншықтарды бірінің үстіне бірін қойып, терезеге шыққан.

Қала әкімі Алтай Көлгінов Шонтақбаевқа ерлік жасағаны үшін алғыс білдірді. Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев оған "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісін тақты.

Таңғаларлық батырлық танытқан Сәбитке жаңа жұмыс ұсынылған. Қызы мен үш ұлы бар Шонтақбаевқа жаңа үш бөлмелі үй мен теледидар сыйға тартылды деген ақпарат та бар. Бұл оның отбасымен Нұр-Сұлтанда тұруына мүмкіндік бермек", - деп жазылған материалда.

Бұл материалды өз желі парақшасында төрт мыңға жуық адам бөлісіп, екі жүзге жуық адам пікір қалдырған. Оқырмандардың дені Сәбиттің нағыз ержүрек азамат екенін сөз еткен.

"Ержүрек батыр", "15 минут бойы терезеден құламай, ұстап тұруға күші жеткен бүлдіршін де мықты екен, құтқарушсы да өз өмірін қатерге тіккен нағыз қаһарман", "Керемет", "Осындай ерлікті көргенде, жақсы адамдар әлі де барына көзің жетеді", "Қазақстан халқы оған сөзбен емес, ісі арқылы алғысын білдіргені дұрыс болған", "Мен мұндай батыл әрекетке бара алмас едім", "Аңыз адам", - деп жазған шетелдік пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін елордада көпқабатты үйдегі пәтердің терезесінен құлауға шақ қалған үш жасар қыз баланы Сәбит Шонтақбаев есімді ер адамның құтқарып қалғанын жазған едік.

Кейін ол оқиғаның қалай болғанын өзі баяндап берді.

Сондай-ақ осы батыл әрекеті үшін Сәбит Шонтақбаев "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

Одан бөлек батыр азаматқа елордадан үш бөлмелі пәтер берілді. Сонымен қатар Сәбитке бүлдіршінді құтқаруға көмектескен Сағи Жылқышиевке де пәтер берілді.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Сәбит Шонтақбаевпен кездесіп, әкімдік оның жұмысқа тұруына, несиесін жабуға, сондай-ақ Қызылордадағы отбасын астанаға көшіріп әкелсе, жұбайының жұмысқа тұруына, ал балаларын мектепке және балабақшаға орналастыруға көмектесетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968904-anyz-adam-buldirsindi-qutqaryp-qalgan-sabit-sontaqbaev-beldi-setel-basylymynyn-nazaryna-ilikti/

pixel