Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды

Опубликовано:

Айыпталушы
Көрнекі фото: Максим Золотухин

Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Басылымның хабарлауынша, қашқын бір күннен кейін қалада қолға түскен. Енді ол мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады және түзеу мекемесінен қашып кетті деп айыпталуда.

"12 мамырда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қашып кеткен азаматты Қылмыстық атқару жүйесі департаменті және облыстық ІІД жедел уәкілдері ұстады", – деп хабарлады Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері.

Аталған факті бойынша Шымкент қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады деп айыпталған азамат 11 мамырда Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен болатын. ҚАЖД өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969040-symkentte-tergeu-izolyatorynan-qasyp-ketken-kudikti-ustaldy/

pixel