jitsu gif

Елордада 8-қабаттан құлай жаздаған қызды құтқарған екінші азамат марапатталды

Сағи Жылқышиев
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін елордадағы Төтенше жағдайлар департаментінде Сәбит Шонтақбаевқа сегізінші қабаттың терезесінен құлауға шақ қалған үш жасар қызды құтқаруға көмектескен Сағи Жылқышиев марапатталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағи Жылқышиев көрсеткен ерлігі үшін ТЖМ бұйрығымен "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен, алғыс хатпен және қол сағатымен марапатталды.

Сағи Жылқышиев
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетейік, 11 мамырда елордада көп қабатты үйдегі пәтердің терезесінен құлауға шақ қалған үш жасар қыз баланы Сәбит Шонтақбаев есімді ер адамның құтқарып қалғанын жазған едік.

Кейін оқиғаның қалай болғанын өзі баяндап берді.

Сондай-ақ осы батыл әркеті үшін Сәбит Шонтақбаев "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

Одан бөлек батыр азаматқа елордадан үш бөлмелі пәтер берілді.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Сәбит Шонтақбаевпен кездесіп, әкімдік оның жұмысқа тұруына, несиесін жабуға, сондай-ақ Қызылордадағы отбасын астанаға көшіріп әкелсе, жұбайының жұмысқа тұруына, ал балаларын мектепке және балабақшаға орналастыруға көмектесетінін айтты.

Сонымен қатар желі қолданушылары Сәбит Шонтақбаевты сақтандыру үшін аяғынан мықтап ұстап тұрған Сағи Жылқышиевті де назардан тыс қалдырмауды сұраған болатын.

Көп ұзамай Сағи Жылқышиев та пәтерлі болды.

Елордада 8-қабаттан құлай жаздаған қызды құтқарған екінші азамат марапатталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.