Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Текеліде болған лай көшкінінің видеосы желіде тарады

Опубликовано:

Текелідегі лай көшкіні
Видеодан кадр: Instagram/ taldykorganec.insta

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Текелі қаласында лай көшкіні жүрген сәттің видеосы тарады. Төтенше жағдай күні кеше болған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видеолар Instagram желісіндегі taldykorganec.insta парақшасында пайда болды.

Кадрлардан тоау жотасынан лай көшкінінің қатты гуілмен сырғып түскенін, осы сәтте бірнеше ер адамның қауіпсіз жерге қарай қаша бастағанын аңғаруға болады.

Айта кетейік, оқыс жағдай 15 мамыр түс кезінде Алматы облысы Текелі қаласындағы Қонаев көшесінде болған еді.

Лай көшкені салдарынан бір жеке тұрғын үй қирап, бір үй балшықтың астында қалып, тағы төрт тұрғын үйдің ауласына балшық кіріп, сондай-ақ көшкін Қонаев көшесін басып тастаған болатын.

Одан бөлек төтенше жағдай кезінде бес жасар қыз бала жоғалып кеткен еді. Шамамен кешкі сағат 18.15-те оның денесі лай үйіндінің астынан табылды.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев қыз баланың отбасына көңіл айтты және лай көшкінінен зардап шеккендерге баспана берілетінін мәлімдеді.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969401-tekelide-bolgan-lai-koskininin-videosy-zelide-tarady/

pixel