"Соңғы қоңыруда мұғалімге гүл сыйлауға бола ма": Көптің сұрағына БҒМ жауап берді
Жарияланған күні:
Соңғы қоңыруда мұғалімге гүл сыйлауға бола ма? Бұл сауалға Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова жауап, берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында қоғамда "Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма және бұл заң бұзушылық болып саналмай ма?" деген сұрақ туындайды. Біздің ұстанымымыз - иә, болады. Бұл жақсы дәстүр ғой", - дейді Гүлмира Кәрімова.
Оның сөзінше, соңғы қоңырау – бұл мұғалімдер мен оқушылар оқу жылының қорытындысын шығарып, білім алушылардың жетістіктерін атап өтетін көңілді әрі маңызды оқиға.
"Биыл эпидемиологиялық жағдай мектеппен қоштасу мерекесін өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Алайда ол міндетті түрде мектеп қабырғасында ұйымдастырылуы керек. Білім беру ұйымдары барлық қажетті ұсыныс пен нұсқауды алды. 2022 жылы елімізде 3,5 млн-нан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Биыл "Алтын белгі" төсбелгісіне 8 139 түлек үміткер", - дейді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы.
Сонымен қатар Гүлмира Кәрімова республиканың барлық жалпы білім беретін мектебінде соңғы қоңырау мерекесін бір мезгілде өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.
Оған мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер және олардың ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері, демеуші ұйымдардың, Білім және ғылым министрлігі мен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының өкілдері, білім бөлімдері, мүдделі мемлекеттік органдар және тағы басқа ниетті адамдар қатыса алады.
Мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы өзі ұйымдастырып, өткізеді. Алайда кейбір шараларға рұқсат етілмейді. Ол жайлы толығырақ сілтемеден оқыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970755-songy-qonyruda-mugalimge-gul-syilauga-bola-ma-koptin-suragyna-bgm-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.