jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Оқушы қыздардың мектепке хиджаб киюіне рұқсат етіле ме: Білім және ғылым министрлігі жауап берді

оқушы
Көрнекі фото: qazaqstan.tv

Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова мектеп формасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан - зайырлы мемлекет. Біздің мектептеріміз де зайырлы мекеме болып саналады. Мектеп формасы туралы 2016 жылғы бұйрық бар және ол әлі де күшінде. Біз біліммен қамтылмай қалуы мүмкін қыздарды оқу процесіне қосу туралы айтып отырмыз. Бұл мәселені шешудің жолдары мен нұсқаларын іздеп жатырмыз. Әңгіме хиджап жөнінде емес, кейбіреулер естігісі келгенін естиді", - деді Каримова.

Каримованың сөзінше, оларды өзіміздің мектептерде онлайн оқыту мүмкіндігі және оқу үдерісіне тарту бойынша түрлі ұсыныс түсіп жатыр.

"Ең бастысы, оқушылардың осы бөлігін жоғалтып алмау үшін балалардың бәрін орта біліммен қамту және қамтамасыз ету. Мектеп формасы туралы бұйрық қазіргі уақытта күшінде, еш өзгеріс жоқ екенін тағы бір қайталаймын.

Балалардың бәрін оқумен қамтамасыз ету үшін әртүрлі мүмкіндікті талқылайтын боламыз. Бұл эмоцияға беріліп шешетін мәселе емес, қоғамда түрлі пікір бар. Ең алдымен балалардың мүддесі мен заң нормаларын негізге алуымыз керек", - деді Гүлмира Каримова.

Еске сала кетсек, бұған дейін елорда мектептерінің бірінде директор болып қызмет атқаратын қоғам белсендісі Аятжан Ахметжанұлы оқушыларға хиджаб киюге рұқсат беру мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын.

Оқушы қыздардың мектепке хиджаб киюіне рұқсат етіле ме: Білім және ғылым министрлігі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.