Нұр-Сұлтанда тамақтан жаппай уланғандар саны 91-ге жетті
Опубликовано:

Нұр-Сұлтандағы қоғамдық тамақтану орнынан жаппай уланғандар саны 91 адамға дейін өсті, олардың 20-сы бала, деп хабарлайды КТК арнасы.
Дәрігерлердің мәліметінше, пациенттер ауруханаға бірден түсіп жатқан жоқ, өйткені инфекция ағзада бір аптадан кейін де пайда болуы мүмкін.
Телеарнаның дерегінше, қазір ауруханада 45 адам қалған. Олардың барлығы бір мекемеден тамақ ішкен немесе тамаққа тапсырыс берген.
Нұр-Сұлтан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жаннат Пірәлиеваның айтуынша, ауруханадағы науқастардың жағдайы орташа ауыр.
"Негізінен ауру 9-10 маусым күндері суши жегеннен туындады деген болжам бар. Ішек инфекциясының тасымалдаушысы деген күдікпен 15 адам тексерілді. Әзірге талдау қорытындысы шықпады. Одан бөлек шайындылар, тамақ өнімдері, шикі және дайын өнімдер тексерілді", - дейді Жанна Пірәлиева.
Дереккөз: КТК арнасы
Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда 64 адам тамақтан уланып, 52-сі ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған едік. Бұл факті бойынша қылмыстық іс те қозғалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974300-nur-sultanda-tamaqtan-zappai-ulangandar-sany-91-ge-zetti/