Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

Опубликовано:

Қанат Таймерденов
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті. Бұл ақпаратты ведомствосының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл лауазымға 2020 жылдың қаңтарында тағайындалған Қанат Таймерденовтің жұмысына қандай себеппен босатылғаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Қанат Таймерденов 1974 жылы 7 қарашада Алматы облысында дүниеге келген. Мамандығы бойынша заңгер, 2003 жылы ІІМ академиясын бітірген.

Таймерденов органдағы қызметін 1995 жылы Алматы облысының Қаскелең ауданында офицер қызметінен бастады. Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2012-2017 жылдары Алматы қаласы Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары болды.

Ол Алматы полиция департаменті басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысының полиция департаментін басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975673-qanat-taimerdenov-almaty-policiya-departamentinin-bassysy-qyzmetinen-ketti/

pixel