Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысы 2 айға қамауға алынды

Опубликовано:

Дархан Ділманов
Дархан Ділманов. Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары - Қазақстан шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растады.

"Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 24 маусымдағы қаулысына сәйкес, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды", - делінген соттың хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік.

Одан бөлек Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975685-ulttyq-qauipsizdik-komiteti-sekara-qyzmetinin-buryngy-bassysy-2-aiga-qamauga-alyndy/

pixel